Спорт

Құрлық бәсекесінен – қола жүлде

Таиландтың Бангкок қаласында жасөспірімдер мен жастар арасында су спортынан XII Азия чемпионаты өтті. Құрлық додасына Азияның кіл мықтылары қатысып, өзара сынға түсті. Аталған жарыста Қазақстан ұлттық құрамасының сапында өнер көрсеткен қарағандылық Тимур Гасюль қола жүлдеге ие болды.

Сурет облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынан

Жалпы, чемпионат бағдарламасына 1 және 3 метрлік трамплиннен, 10 метрлік мұнарадан секіру, сондай-ақ, синхронды секіру сайысы енгізілген. Жерлесіміз кіші жас санатында 5 метрлік мұнарадан секіру бағдарламасында үздік үштіктен көрініп, халықаралық аренадағы кезекті табысын қоржынына салды. Тимур бұдан бөлек 1 және 4 метрлік трамплиннен секіруде IV орынға тұрақтап, спорттық мансабындағы ең үздік нәтижелерінің бірін тіркеді.

Айта кетейік, 12 жастағы Тимур Гасюль Қарағанды облыс­тық олимпиадалық резервтегі мамандандырылған жүзу спорт мектебінде тәлім алады. Жас спортшыны тәжірибелі бапкер Наталья Серова жаттықтырады.

Ербол ЕРБОЛАТ,
«Ortalyq Qazaqstan»

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button