АймақБұқар жырау
Жастардың туристік слеті өтті
Бұқар жырау ауданының Центральное аулында жастар арасында туристік слет жоғары деңгейде өтті.

Бұл іс-шараға ауданның әртүрлі елді мекендерінен келген жастар қатысып, өзара бақ сынасты.

Бағдарлама аясында қатысушылар тауға өрмелеу, кедергілер жолағынан өту және туристік жағдайда далалық ас әзірлеу сияқты сайыстарда өз шеберліктері мен командалық ұйымшылдықтарын көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша:
І орын – Центральное ауылы;
ІІ орын – Ғабиден Мұстафин кенті;
ІІІ орын – Ростовка ауылы.

Туристік слет жастардың белсенді өмір салтын насихаттап, төзімділік пен бірлікті нығайтуға бағытталған маңызды шара болды.
Ержан ИМАШ
Бұқар жырау ауданы



