АймақБұқар жырау
Аудан қариялары Баянауылда үш күн тегін демалды
Халқымыз «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» деп бекер айтпаған. Үлкенге құрмет көрсету – ұлттың ұлағатын айқындайтын асыл қасиет.

Бұқар жырау ауданының әкімі Ерлан Бейсембайұлы Құсайынның қолдауымен аталған ауданның ардақты қарияларына Баянауыл өңіріндегі демалыс орнына үш күндік тегін жолдама берілді. Саяхат барысында қариялар табиғат аясында тынығып, ерекше әсер алып, көтеріңкі көңіл күймен оралды.

Бұл – Бұқар жырау ауданында дәстүрге айналған игі бастамалардың бірі. Үлкендерге қамқорлық жасап, олардың еңбегіне құрмет көрсету – кейінгі ұрпаққа үлгі болатын ізгі іс.

Демалыс сапарына «Дәурен-ай» халықтық ардагерлер хоры мен ауданның көркемөнерпаздар ұжымдарының белсенді мүшелері қатысты.
Ержан ИМАШ
Бұқар жырау ауданы



