Мал дәрігерлері мерекесіндегі марапаттар
Бұқар жырау ауданының әкімдігінде аталып өткен Ветеринария қызметкерлері күнінде осы саланың бір топ мамандары мен еңбек ардагерлері мерекелік марапаттарға ие болды.

Бұқар жырау ауданының әкімі Ерлан Құсайын аудандағы ветеринария саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап:
– Адам денсаулығы мен қоғамның әл-ауқаты төрт түлік жануарлардың саулығына байланысты. Осы орайда сіздердің адал еңбектеріңіз бен жауапкершіліктеріңіздің арқасында ауданымызда эпизоотиялық жағдай тұрақты сақталып, азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп отыр, – деп, марапаттау рәсіміне көшті.

Бірінші кезекте аудан әкімі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің “Еңбек ардагері” медальдарын осы салада 40 жылдан аса еңбек еткен Егінбай Құсаев пен Қайрат Зікірияұлына табыс етті.

Келесі кезекте Ерлан Құсайын аудан әкімінің Құрмет грамоталарын аудандық ветеринария станциясының басшысы Павел Салащенкоға, станция мамандары, бірқатар ауылдық ветеринарлық пункт меңгерушілері мен мал дәрігерлеріне, фельдшерге тапсырды. Олардың арасында Гүлжазира Нұрмағамбетова, Рахам Тобой, Күлжанат Абдуллина, Тоты Құлмақова, Нұрқабиден Көпенов, Нұрхан Тоқанов, Диана Өксікбаева, Людмила Титова бар.

Ал Ерлан Құсайынның қолынан аудан әкімінің Алғыс хаттарын Ұлжан Аршкенова, Диас Сайлауов, Ақнұр Сүлеймен, Ботагүл Мерейбай, Гүлшат Смаилова алды.
Салтанат соңынан мерекелік марапат алған ветеринарлар ескерткіш суретке түсті.
Ержан ИМАШ
Бұқар жырау ауданы



