АймақБұқар жырау

Ботақара кентінде экспресс-кафе ашылды

Бүгін Астана күнінде Бұқар жырау ауданының орталығы Ботақара кентінде жол бойындағы “Doner Man” экспресс-кафесі ашылды.

Сурет ұйымдастырушылардан

Бұл жаңа тамақтану орнын ашқан осы аудандағы Ақжар аулының тумалары, ағайынды Жарасхан мен Оразхан Қабылқайыровтар Астана қаласында арнайы білім алып, заманауи фастфуд өнімдерін әзірлеу технологияларын меңгерген. Соның бірі Жарасхан аудан әкімінің кәсіпкерлікті қолдау грантын жеңіп алып, осы қаражатқа ас үй жабдықтарын сатып алып, кафе ғимаратының құрылысы мен аумағын абаттандыруды өз қаржылары есебінен жүзеге асырыпты.

Сонымен 12 орынға арналған бұл экспресс-кафеде жазғы алаңы мен санитарлық бөлме де қарастырылып, ас мәзірінде тауық және сиыр етінен жасалатын донер, наггетс, картоп фри, тауық қанаттары, түрлі сеттер, салқын сусындар мен кофе ұсынылады.

Мұнда ағайынды жігіттермен бірге жергілікті жастар да жұмыс істейтін болады.

Ержан ИМАШ
Бұқар жырау ауданы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button