АймақБұқар жырау
Өрле, өркендей бер – Астана!
Астана күніне орай Бұқар жырау ауданында мерекелік концерт ұйымдастырылып, тұрғындар мен қонақтарға ерекше көңіл күй сыйлады.

Концерт барысында аудан өнерпаздары елордаға деген құрметі мен сүйіспеншілігін әсем ән мен мың бұралған би арқылы паш етті. Кеш сахнасында «Қарақат» мектеп студиясы, «Сәнді» дуэті, Қуандық Төкенов, Фархад Мейраш, Нұркен Мұратұлы, Сая Халидолда және «Гүлдер» би тобы өнер көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Мазмұнды мерекелік бағдарлама ел бірлігі мен ынтымағын насихаттап, Астанаға деген мақтаныш сезімін айшықтай түсті.

Баршаңызды Астана күнімен құттықтаймыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, қасиетті елордамыздың мерейі әрдайым үстем болсын!
Ержан ИМАШ
Бұқар жырау ауданы



