Бұқар жырауАймақБас тақырыпЖаңалықтар
Өрле, өркендей бер – Астана!
Астана күніне орай Бұқар жырау ауданында мерекелік концерт ұйымдастырылып, тұрғындар мен қонақтарға ерекше көңіл күй сыйлады.

Концерт барысында аудан өнерпаздары елордаға деген құрметі мен сүйіспеншілігін әсем ән мен мың бұралған би арқылы паш етті. Кеш сахнасында «Қыдыралі – Қарақат» мектеп студиясы, «Сәнді» дуэті, Қуандық Төкенов, Фархад Мейраш, Нұркен Мұратұлы, Сая Халидолда және «Гүлдер» би тобы өнер көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Мазмұнды мерекелік бағдарлама ел бірлігі мен ынтымағын насихаттады.

Астанаға деген мақтаныш сезімін айшықтай түсті.
Ержан ИМАШ
Ortalyq.kz
Бұқар жырау ауданы



