Нұра станциясында теміржол вокзалы ашылды
Бұқар жырау ауданы Ғабиден Мұстафин кенті округіндегі Нұра станциясында жаңа теміржол вокзалы ашылды.

Аймақтағы көлік инфрақұрылымын жаңғыртып, жақсарту мақсатында салынған бұл нысанның лентасын Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары Серік Әміралин мен “Қазақстан теміржолы” ҰҚ Қарағанды магистралдық жолдар бөлімінің директоры Марат Ибраев және кент имамы Сайлау қажы Алдоңғаров қиып, осы салтанатқа жиналған жұрттың қуанышында шек болмады.

Бұл жаңа ғимараттың ішінде қызметтік, ана мен балаға арналған бөлмелер , күту залы бар да, мүмкіндігі шектеулі жандарға да қолайлы жағдай қарастырылған.

Осы нысан құрылысына тапсырыс беруші компанияның өкілі Марат Ибраевтің айтуынша, бұл осымен облысымызда ашылып отырған үшінші теміржол вокзалы екен.
Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы



