АймақБас тақырыпРуханият

Қарағандыда «Әбіл» көркем фильмінің көрсетілімі өтті

Қарағандыдағы Кеншілер мәдениет сарайының «Сарыжайлау» кинозалында режиссер Елзат Ескендірдің «Әбіл» толықметражды көркем фильмінің көрсетілімі өтті.

Суреттер ұйымдастырушылардан

«Әбіл» фильмі 1990-жылдардың басындағы тарихи кезеңді, жекешелендіру кезеңіндегі ауыл өмірін және қарапайым шопан Әбілдің тағдырын баяндайды. Картина қоғамдағы ауқымды өзгерістердің қарапайым адамдардың өміріне қалай әсер еткенін шынайы бейнелейді.
Фильм Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен және «Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм» ұлттық киностудиясының қатысуымен түсірілген. Қоюшы-режиссер әрі сценарий авторы – Елзат Ескендір.

Картина халықаралық кинофестивальдерде табысты көрсетіліп, көптеген марапаттарға ие болды. Фильмнің әлемдік премьерасы 2024 жылы Пусан халықаралық кинофестивалінің New Currents бағдарламасы аясында өтті. Кейін картина Азия мен Еуропадағы 10-нан астам халықаралық кинофестиваль бағдарламасына қатысып, 10 жүлдеге ие болды.


Сонымен қатар, Франциядағы Vesoul International Film Festival of Asian Cinemas фестивалінде Бас жүлде, қазылар алқасының арнайы жүлдесі және сыншылар жүлдесін жеңіп алды. Сондай-ақ Мюнхен және Гетеборг халықаралық кинофестивальдерінің бағдарламаларына қатысты.

Фильмнің халықаралық деңгейдегі марапаттары:

* Франциядағы Vesoul International Film Festival of Asian Cinemas фестивалінде Jury Grand Prize, Critical Jury Prize және NETPAC Jury Prize;
* Bishkek International Film Festival фестивалінде «Үздік актер» жүлдесі;
* Da Nang Asian Film Festival фестивалінде «Үздік әйел рөлі» жүлдесі;
* Silk Road International Film Festival фестивалінде «Үздік ер рөлі» жүлдесі;
* Dhaka International Film Festival фестивалінде «Үздік ер рөлі» және «Үздік операторлық жұмыс» жүлделері;
* Франциядағы 17-UniverCine Nantes Film Festival фестивалінде Jury Prize және «Көрермендер ықыласы» жүлдесі.
Фильмдегі басты рөлді белгілі дәстүрлі әнші, композитор, публицист және өнертанушы Ерлан Төлеутай сомдаған. Оның актерлік шеберлігі халықаралық фестивальдерде жоғары бағаланып, бірнеше мәрте «Үздік актер» аталымының жеңімпазы атанды.

Ерік НАРЫН
Ortalyq.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button