Қос мереке қатар тойланды
Бүгін Бұқар жырау аудандық Мәдениет үйінде қатар келген қос мереке – Қазақстан полициясы мен Мемлекеттік қызметші күндері қатар тойланды.
Мерекелік салтанатта сөйлеген құттықтау сөзінде Бұқар жырау ауданының әкімі Ерлан Құсайын “Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Заң мен тәртіп” – Әділетті Қазақстанның басты қағидаты екенін үнемі айтып келеді. Бұл ұстаным мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлерінің атқарып жүрген жауапты қызметімен үндеседі. Өйткені, елге адал қызмет ету, халықтың сенімін ақтау және қоғамдық тұрақтылықты сақтау – сіз бен біздің басты міндетіміз”, –дей келе өңірдегі кадр саясатындағы оң өзгерістер мен жақсы нышандарға, мемлекетіміз тарапынан жас мамандарға жасалып отырған қамқорлыққа тоқталды.

Бұдан кейін аудан әкімі еселі еңбегімен көзге түскен екі сала үздіктерін марапаттауға көшіп, Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасын Үміткер және Көкпекті ауылдық округтерінің әкімдері Ерсін Зәлелов пен Айдын Досмақовқа және аудандық жер қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Айнагүл Искакова табыс етті.

Ал, Қарағанды облысының Алғыс хаты учаскелік полиция инспекторы Әлихан Зейниденов, мемлекеттік қызметтің ардагерлері Салтанат Арыстанбекова мен Светлана Әбжановаға тапсырылды.
Келесі кезекте Бұқар жырау ауданы әкімінің Құрмет грамотасы учаскелік полиция инспекторлары Рүстем Шохшин, Қайрат Қашқымбаев, көші-қон қызметінің аға инспекторы Наталья Кнестикова, аудандық қазынашылық басқармасының бас мамандары Виталий Григорьев, Динара Төлеубаева, Шынар Мейрамоваға берілді.

Одан әрі марапаттау сәтінде Бұқар жырау аудандық мәслихатының төрағасы Асхат Әли аудандық мәслихат аппаратының басшысы Мәди Жұмашев, Ақбел және Ростовка, Ботақара ауылдық округтері аппараттарының бас мамандары Баян Мауиянова, Роза Қопабаева, мен Айгерім Байделдинова және аудандық жер қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Думан Нұрмұхамбетовке Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Алғыс хатын табыстады.

Ал Бұқар жырау ауданы әкімінің Алғыс хатын Жібек Кәмен, Арман Бисмильдина, Любовь Корель, Нұрым Сәбиев, Алина Малаева, Мирас Бағантаева, Айгерім Жұматаева сияқты мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлері алды.

Әуелде Түркештің “Көңілашар” күйімен ашылған мерекелік салтанат жергілікті өнерпаздардың үлкен концертіне ұласып, ән шырқалып, күй тартылып, би де биленді.
Ержан ИМАШ
Бұқар жырау ауданы



