Бас тақырып

Заң мен тәртіпті қорғаушыларға алғыс пен құрмет

Құрметті ішкі істер органдарының ардагерлері мен полиция қызметкерлері!

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Сіздерді кәсіби мереке – По­лиция күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ішкі істер органдарында­ғы қызмет жоғары кәсіби­лікті, батылдықты, жауап­кершілікті және өз ісіне беріл­гендікті талап етеді. Күн сайын сіздер заң мен тәртіпті сақтап, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайсыз­дар.

Сіздердің адал еңбекте­ріңіздің арқасында қоғамдық тыныштық нығайып, аза­мат­тардың құқық қорғау жүй­есіне деген сенімі артып, елімізде тұрақтылық пен құ­қықтық тәртіп сақталуда.

Осы орайда ішкі істер ор­ган­дарының ардагерлеріне ерекше ал­ғы­сымызды білді­реміз. Сіздердің көп жылдық тә­жірибелеріңіз, қызмет­ке адал­дықтарыңыз – жас қыз­мет­керлер үшін үлгі және ұр­пақтар сабақтастығының маңызды негізі.

Бұл мереке күні біз өз өмі­рін Заңға және Отанға қыз­мет етуге арнағандардың бар­лығына ризашылығымыз­ды білдіреміз. Сіздерге адал­дық­тарыңыз бен шыдамдылық­тарыңыз үшін рахмет.
Сіздерге зор денсаулық, от­басы­ларыңызға бақ-береке, қызметтері­ңізге табыс ті­лейміз!
Мереке құтты болсын!

Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,
Қарағанды облысының әкімі,
Нұркен КОБЖАНОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button