Бас тақырып

24 маусымнан бастап ескі 2 000 теңгелік банкнота қолданыстан шығады

Елімізде 24 маусымнан бастап 2012 жылғы үлгідегі 2 000 теңгелік банкнота төлем ретінде қабылданбайды. 

Сурет Ұлттық Банк

Ұлттық банк ескі үлгідегі банкноталарды айырбастау мүмкіндігі сақталатынын еске салды. 24 маусымнан кейін де барлық екінші деңгейлі банк пен «Қазпошта» бөлімшелері 2000 теңгелік ескі банкноталарды жаңа үлгідегі банкноталарға 3 жыл бойы айырбастайды.

Ал Ұлттық банктің филиалдары мұндай банкноталарды мерзімсіз айырбастайды.

Бұған дейін маусым айының соңында 2012 жылғы үлгідегі 10 000 теңгелік банкнотаны да қатар айналымнан шығару жоспарланған еді. Алайда кейін оның айналым мерзімі 2027 жылдың шілдесіне дейін ұзартылды.

– 2000 және 10 000 теңгелік банкноттардың айналымының бір мезгілде тоқтатылуы банк жүйесіне ауыртпалық түсіруі мүмкін. Сондықтан мерзімді ұзарту адамдар мен бизнеске ескі банкноттарды біртіндеп және ыңғайлы түрде жаңаларына ауыстыруға көмектеседі, сондай-ақ ескі банкноттардың табиғи тозуын қамтамасыз етеді, – деді Ұлттық банк.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button