Бүгін – Әкелер күні
Бүгін елімізде Әкелер күні аталып өтуде, бұл мереке биыл төртінші рет тойлануда.

Әкелер күнін белгілеу бастамасы 2022 жылғы 14 желтоқсанда өткен VII республикалық әкелер форумында көтерілген болатын. Форумда жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісін әкелер күні ретінде атап өту ұсынылды.
Кейін, 2023 жылғы 31 мамырда Қазақстан Республикасы Үкіметінің №426 қаулысымен мамыр айының екінші жексенбісі – аналар күні, ал маусым айының үшінші жексенбісі – әкелер күні болып бекітілді.
Осыған сәйкес, биыл Қазақстанда әкелер күні төртінші рет аталып өтуде. Бұл мереке отбасы құндылықтарын дәріптеуге, әкенің бала тәрбиесіндегі рөлін арттыруға және ата-ана институтын нығайтуға бағытталған.
Жалпы, аналар күні мен әкелер күнін мерекелеу әлемнің көптеген елінде қалыптасқан дәстүрге айналған. Мұндай мерекелер отбасы бірлігін нығайтып, ата-ананың қоғамдағы және бала тәрбиесіндегі маңызын насихаттауға ықпал етеді.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Ortalyq.kz



