БалқашБас тақырып

Облыс әкімі «Balkhash Tour Fest – 2026» фестивалінің қонақтарымен кездесті

Балқаш қаласында өтіп жатқан «Balkhash Tour Fest – 2026» фестиваліне Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев арнайы қатысып, шараның ұйымдастырылу барысымен танысты. Өңір басшысы фестиваль аумағын аралап, туристермен, қала тұрғындарымен және қонақтармен жүздесті.

Суреттерді түсіірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Кездесу барысында облыс әкімі Балқаштың туристік әлеуетін дамыту өңір үшін басым бағыттардың бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, соңғы жылдары көл жағалауындағы инфрақұрылымды жаңғырту мен демалыс орындарының сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлініп келеді.

– Балқаш – Қарағанды облысының ғана емес, еліміздің туристік картасындағы маңызды нысандардың бірі. Сондықтан, жағалауды дамыту, туристерге қолайлы жағдай жасау және сервисті жақсарту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады, – деді өңір басшысы.

Фестиваль барысында Ермағанбет Бөлекпаев спорттық, мәдени және ойын-сауық алаңдарын аралап, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, Балқаштың туризм саласының дамуына үлес қосып жүрген азаматтардың еңбегіне жоғары баға берді.

Айта кетейік, «Balkhash Tour Fest – 2026» фестивалі өңірдің туристік әлеуетін насихаттауға бағытталған ірі шаралардың бірі саналады.

Фестиваль аясында спорттық жарыстар, мәдени бағдарламалар, концерттер және түрлі интерактивті алаңдар ұйымдастырылған. Шараға еліміздің әр өңірінен және шетелден келген қонақтар қатысуда.

Фестиваль екі күнге жалғасып, Балқаш жағалауында мыңдаған демалушы мен туристің басын қоспақ.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button