Белгілі балуан Сергей Цырульников фестивальге қатысу үшін Балқашқа келді
Белгілі балуан Сергей Цырульников жаздың басты оқиғаларының бірі – Balkhash Tour Fest – 2026 халықаралық фестиваліне арнайы қатысу үшін Балқашқа келді.

Танымал спортшы мұндай мәдени-туристік шаралардың маңыздылығын атап өтіп, фестивальдің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын ерекше бағалады.

– Қызметімнің арқасында әлемнің 80-нен астам елінде болдым. Шетелдерде осындай ауқымды іс-шараларға жиі қатысып тұрамын. Balkhash Tour Fest – тарихи маңызы мен мазмұны терең, өзіндік ерекшелігі бар ерекше фестиваль. Қазақстанда мұндай жобаларды жиі өткізу қажет деп есептеймін. Бұл – адамдардың бас қосып, жаңа байланыстар орнатып, тәжірибе алмасуына, сондай-ақ табиғатпен үйлесім тауып, Балқаш өңірінің туристік әлеуетін танып-білуге мүмкіндік беретін тамаша алаң. Мұнда сапалы және жақсы демалыс үшін барлық жағдай жасалған, – дейді қонақ.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



