Бас тақырып

19 шілдеден бастап бірыңғай банкаралық QR-төлем жүйесі іске қосылады

19 шілдеден бастап QR төлемдердің бірыңғай банкаралық жүйесі іске қосылады. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты.

Сурет magnific

– Биыл 19 шілдеден бастап бірыңғай банкаралық QR-төлем жүйесі іске қосылады. Парламенттің қолдауының арқасында осы жылдың 1 мамырынан бастап экономиканың жаңа саласын іске қосу үшін құқықтық негіз жасалды, – деді Ұлттық банк басшысы.

Сәуір айында Сүлейменов бірыңғай QR-кодтың іске қосылуының шамаланған мерзімін айтқан болатын, бірақ нақты күнін көрсетпеген еді.

– Біз бұл процесті егжей-тегжейлі әрі мұқият зерттедік. Бұл мәселемен біздің өз командамыз айналысуда. Банктер өз экожүйелерінде, осы QR-төлемдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жеке құралдарына және өз технологияларына қомақты инвестиция салды. Енді бұл жүйелердің қауіпсіз түрде бір-біріне қолжетімді болуы үшін оларды өзара үйлестіру қажет, – деді ол.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button