Ақбел ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды
Бұқар жырау ауданының Ақбел ауылында төрт елді мекенге қызмет көрсететін және 900-ге жуық тұрғынның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өрт сөндіру бекеті ашылды.

Ашылу салтанатына Қазақстанның төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Арынов, Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және ауыл тұрғындары қатысты.

– Жаңа пост – бұл ең алдымен адамдардың қауіпсіздігі. Ол төтенше жағдайларға тезірек ден қоюға мүмкіндік береді. Мұндай нысандар ірі өрт сөндіру бөлімдерінен алыс орналасқан ауылдық елді мекендер үшін ерекше маңызды. Биыл біз ауылдық жерлерде екінші өрт сөндіру бекетін ашудамыз. Алда біздің өрт сөндірушілерге жағдай жасау бойынша әлі көп жұмыс бар, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев.

Бекет ТЖМ «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы бойынша ашылды.

– Біздің мақсатымыз – әрбір ауылда жеке өрт сөндіру бекетінің жұмыс істеуі. Бұл жай ғана жаңа ғимарат емес, адамдардың қауіпсіздігіне, жедел әрекет етуге және елді мекендерді төтенше жағдайлардан қорғауға нақты кепілдік. Тек осы жылы ғана облыста 18 ауылдық өрт сөндіру бекетін саламыз және бұл жұмысты жалғастыратын боламыз, – деп атап өтті төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Арынов.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



