АймақБас тақырып

Қарқаралы фестивалінде отандық өнімдер сұранысқа ие болуда

Фестиваль аясында қымыз өндірушілермен қатар, жергілікті кәсіп иелері мен отандық өнім ұсынушылар да төбе көрсетті. Қарқаралы баурайына жиналған қалың жұртқа табиғи сүт өнімдері, ұлттық тағамдар мен өңірде өндірілетін түрлі дәм ұсынылып, мереке мазмұны ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне ұласты.

Суретті түсірген А. Марченко

Солардың қатарында «Natige» сүт өнімдері фабрикасы да бар. Фестиваль қонақтарына табиғи өнімдерін ұсынып жатқан фабрика өкілдері ұлттық дәмге, сапалы отандық өнімге деген сұраныстың жоғары екенін айтады. Әсіресе, сырттан келген қонақтардың өңірде өндірілген табиғи тағамдарға қызығушылығы ерекше байқалады.

– Бүгінгі әсер өте керемет. Сырттан келген қонақтар көп, табиғи өнімге сұраныс жоғары. Мұндай шараларда халық отандық өнімнің дәмін татып, сапасын бағалайды. Жақсы сауда болып, ұлттық дәмдеріміз көптің көңілінен шығып жатса, бұл – біз үшін үлкен қуаныш. Елдің ықыласын көргенде мерейіміз тасиды, – деді «Natige» сүт өнімдері фабрикасының сатушысы Ботакөз Қадамұрат.

Фестивальдің осындай сауда-саттық алаңына айналуы жергілікті кәсіпкерлер үшін де тиімді. Бір жағынан, олар өз өнімін көпшілікке танытса, екінші жағынан, тұтынушымен тікелей байланыс орнатып, сұраныс пен талғамды бағамдауға мүмкіндік алады.

Мағжан ҚҰДАЙБЕРГЕН
Ақжігіт САҒЫНТАЙ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button