Қарағандыда Балаларды қорғау күніне арналған тегін фестиваль өтеді
Қарағандыда 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай балалар мен ата-аналарға арналған Bala Day отбасылық фестивалі өтеді. Облыс тұрғындары үшін аталмыш іс-шараны урбанистика орталығы ұйымдастыруда. Балалар мен ата-аналарды түрлі ойын-сауық, шоу және шығармашылық іс-шаралар күтеді.

Мерекеде балалар үшін қызықты ойындар, сурет көрмесі, балаларға арналған шеберлік сабақтары, аквагрим, фотобұрыш, би байқауы, Family Look костюмдер байқауы, көңілді ойындар, аниматорлар, қолөнершілер жәрмеңкесі, 3D-принтер аймағы, сабын көпіршіктері шоуы және дискотека болады.

Іс-шара 1 маусым күні Алалыкина көшесі, 12/1 мекенжайында өтеді. Мерекелік бағдарлама сағат 15:00-ден 20:00-ге дейін жалғасады. Кіру тегін.
Қонақтарды музыка, шоу-бағдарлама, би, ойындар және қызықты көңіл көтеру шаралары күтеді.
Ұйымдастырушылар ата-аналарды балаларымен бірге келіп, жаздың алғашқы күнін көтеріңкі көңіл-күймен өткізуге шақырады.
Жанерке ХАСЕНОВА
Е.Бөкетов атындағы ҚарҰЗУ ІІ курс студенті



