Спорт

Сырт алаңда сүрінді

Қарағандылық «Шах­­тер» клубы футбол­дан Қазақстан Бірінші-лига ойындарының VII турында сүрінді. Бұл жолы жерлестер сырт алаңда елордалық «Астана» жастар клубымен кездесіп, 4:3 есебімен жеңіліп қалды.

Сурет клубтың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Алғашқы болып есепті де алаң иелері ашты. Қарсыластар ойынның 10-шы минутында есепте алға шыққанымен, жерлестер сапынан араға алты минут салып Роман Асылбаев көзге түсті. Допты алаң жиегінен ойынға қосқан әріптестері қарсылас қақпасына қарай бағыттаған. Осы тұста Роман мүмкіндікті мүлт жібермей таразы басын теңестірді.

Алаң иелері бұнымен тоқтап қалған жоқ. 21-ші минутта қақпадан саңылау тауып, есепте алға шыққан. 37-ші минутта Рифат Нұрмұғанбет кезекті шабуыл барысында таразы басын қайта теңестірді. Осылайша, қос команда арасындағы ойынның алғашқы кезеңі 2:2 есебімен аяқталды.

Десе де, елордалықтар құдды бір «Шахтердің» шабуыл техникасын меңгеріп алғандай. Шабуылға мүмкіндік бермей, керісінше қарымта шабуыл ұйымдастырып, соққыны жиілетті. Нәтижесінде, 52-ші және 54-ші минутта қос гол салып, есепті 2:4-ке жеткізді. Өкінішке қарай, жерлестер есепті тең ұстап қала алмады. Тек, 66-шы минутта «Шахтер» ойыншылары кезекті шабуылын ұйымдастырып, автогол тіркеді. Осылайша жеңіс елордалықтардың еншісіне жазылды.

Сырт алаңда жеңілген жерлес­тер ұпай еншілей алмай турнир кестесінің ІІ сатысына төмен сырғыды. Әзірге – 16 ұпай. Көш басына 17 ұпаймен «Алматы» жастары көтерілді. Ал, үздік үштікті 12 ұпаймен «Тараз» клубы түйіндеп тұр. Олардың әлі ойналмаған бір ойыны бар.

Ербол ЕРБОЛАТ,
«Ortalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Back to top button