Бас тақырыпСпорт

Қарағандыда үстел теннисінен жастар чемпионаты өтуде

Қарағандыда үстел теннисінен Қазақстанның жастар чемпионаты басталды. Ел біріншілігіне еліміздің түкпір-түкпірінен 14 ерлер және 14 әйелдер командаларынан жасақталған ең мықты жас спортшылар жиналды.  Қарағанды облысының намысын екі команда қорғамақ.

Сурет облыс әкімдігінің сайтынан

– 7–12 сәуір аралығында Қарағанды қаласындағы «Saryarka» үстел теннисі орталығында 2005 жылы туған және одан кіші спортшылар арасында Қазақстан чемпионаты өтуде. Жарыс өте тартысты болмақ, өйткені қатысушылар тек медальдар үшін ғана емес, сонымен қатар ұлттық деңгейде өздерін таныту мүмкіндігі үшін де бақ сынайды, – деп хабарлады Қазақстан үстел теннисі федерациясы.

Қатысушылар командалық, жеке, жұптық және аралас разрядтарда өнер көрсетеді. Әр құрамда бес ұл және бес қыз спортшы бар.

Айта кетейік, Қарағандының үстел теннисі мектебі еліміздегі үздіктердің бірі. Оның тәрбиеленушілері – ұлттық чемпионаттардың, клубтық турнирлердің, спартакиадалардың және халықаралық жарыстардың тұрақты жеңімпаздары мен жүлдегерлері. Наурыз айында Алматыда өткен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында қарағандылық спортшылар түрлі деңгейдегі 11 медаль жеңіп алды.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button