Теміртауда Qarmet металлургиялық комбинатында екі жұмысшы биіктіктен құлап қаза тапты.

– Бүгін сағат 9:20 шамасында химиялық блок ғимаратының шатырын бөлшектеу жұмыстарын орындау кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан «Қазмеханомонтаж» ЖШС мердігерлік ұйымының екі жұмысшысы биіктен құлады, — деп хабарлады «Qarmet» АҚ баспасөз қызметі.
2005 жылы туған Д.Иманғалиев пен 1986 жылы туған Ю.Самойлов оқиға орнында қайтыс болған.
Жазатайым оқиғаны тергеу үшін комиссия құрылды.



