Жаңалықтар

Қарағандыда жантүршігерлік жол апаты болды

Қарағанды қаласында жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты, – деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Карл Маркс көшесінің бойымен келе жатқан  Mercedes-Benz автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп,   Volkswagen Passat көлігіне соғылған. Апат салдарынан  Volkswagen Passat жүргізушісі мен сол  көліктегі 50 жастағы жолаушы оқиға орнында қаза тапты.  Ал Mercedes-Benz автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, оның бірнеше жері сынған және түрлі жарақат алған.  

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button