Жезқазған

Жезқазғанның мерейтойына 65 мерейлі іс жоспарлануда

Биыл Жезқазған қаласының 65 жылдық мерейтойы  тойланады. Осы атаулы күнге орай мысты өлкеде “65 игі істер” жоспары құрылды. Бұл туралы қала әкімі Қайрат Бегімов халық алдындағы есептік кездесуінде мәлімдеді.

“65 игі істер” жобасының аясында қалада көп қабатты тұрғын үйлер салынып, кеңес беру – диагностикалық орталық ашылады, сонымен қатар, “Ғарышкерлер” гүлзары мен “Жастар” саябағы және Қ.Сәтпаев атындағы алаң қайта қалпына келтіріледі. Бұдан бөлек, қалада жаңа бизнес нысандарды ашу мен 900 орындың жаңа мектеп салу жоспарланған. Жобаның жалпы құны – 1,9 млрд.теңге.

Қала әкімі Қайрат Бегімовтың айтуынша, биыл қаладағы екі мектеп ІТ-сыныппен жабдықталса, алты мектептің жиһаздары мен оқу құрылғыларын жаңарту және спорт жабдықтарын сатып алу жоспарланып отыр. Бұқаралық спортты дамыту мақсатында 320 орынға шақталған дене шынықтыру-сауықтыру кешені және еспе спорт кешені салынады. Бұл нысандардың құрылысы биыл басталмақ. 

 

Басқа материалдар

Back to top button