Руханият

«Bolashaq» – үздік ондықта

Өскелең ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеп, білім беру жолында  үлкен ордаға айналып келе жатқан бірден-бір оқу орны, ол – «Bolashaq» жоғарғы колледжі. Бұл атауға иелік еткеніне де көп уақыт өткен жоқ. Міне, тағы жұлдызы жарқырап, республикамыздағы үздік 10 колледждің қатарынан көрінді.

 

«Bolashaq» – жоғарғы колледж атауын алу үшін сапалы білім беріп, саналы шәкірт тәрбиеледі. Сол себепті, қолданбалы бакалавр мамандықтарын даярлау лицензиясына ие болып, соған сәйкес атауын да өзгерткен. Бұл статус 2018 жылдың 15 қарашасы Қарағанды облысы Әділет департаментінің заңды тұлғаны қайта тіркеу туралы анықтамасы негізіндегі 2927-1930-01-ЖММ тіркеу нөмірімен заңдастырылған.

Интеграцияланған модульдік білім беру бағдарламаларын іске асыруды қолға алған колледждің жаңа биігі жайлы айтайық. 2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша колледж үздік ондыққа кіріп отыр. Демек, бұл жыл бойы жасалған жүйелі жұмыс пен оқу орны студенттерінің сапалы білімінің көрсеткіші. «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырып келе жатқан ұлттық рейтинг екен. Бұған дейін де колледждің көрсеткіші төмендеген емес.

Жұмыс барысында қол жеткізген жетіс тіктеріміз үлгілі ұстаздарымыз бен ұжымның ерен еңбегінің жемісі. «Ұйымдаса білген – ұтады» деген халқымыздың аталы сөзіне ден қойсақ, жұмысы жүйелі жоспарланған, алар межесі анық айқындалған жерде жеңіс те, жеміс те болатынын бағамдаймыз. Сондықтан, білім саласындағы атқарылуға тиісті түрлі іс-шараларды жүйелеп, зерделей отырып жүргізсек, әлі де талай биіктерге көтерілетініміз анық», – дейді колледж директоры, экономика ғылымдарының кандидаты Ғайни Мамраева.

Иә, құрылғанына биыл 20 жыл толған білім ордасының алар биігі әлі алда. Себебі, болашақ мамандарға сапалы білім алуға барлық жағдай жасалған. Колледждің материалдық-техникалық базасы үнемі жаңару үстінде. Оқу кабинеттері жаңа технологиялық, ақпараттық құралдармен толық жабдықталған.

«Колледж қабырғасында білім алып жүрген бүгінгі студент – ертеңгі жас маман. Жас ұрпақты жан-жақты, интеллектуалдық деңгейін жоғары етіп тәрбиелеу – сол жас мамандардың қолында. Заманауи талаптарға жауап бере алатын, білімді де білікті маман даярлау – біздің басты мақсатымыз», – дейді колледж директорының  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Меруерт Қабылова.

Білім беру жолында бірегей көрсеткіштерге ие болып, ұлт тәрбиешілерінің ұстаханасына айналып келе жатқан «Bolashaq» жоғары колледжінің болашағы жарқын екені анық.

Қасымхан ҒАЛЫМ.

Басқа материалдар

Back to top button