Ресми

Дені саудың – жаны сау

Қарағанды қалалық мәслихат депутаттығына Nur Otan партиясынан үміткер Шариза АЛТЫНБЕКОВА мен Индира АХМЕТОВА «№3 Емхана» ҚММ базасында медицина қызметкерлерімен экспромт-кездесу өткізді.

Үміткерлер денсаулық сақтау өкілдерімен әңгімелесу барысында Nur Otan партиясының Қарағанды қаласы бойынша денсаулық сақтау саласындағы мәселелерді шешуге бағытталған басым бағыттарға тоқталды.

– Әлемді шарлаған COVID-19 пандемиясы денсаулық сақтау жүйесінің басты проблемасына айналғаны белгілі. Бұл жағдайда Қазақстан медицинасында да жаңа стандарттар енгізілді. Бүгінде ғылымда да, медицинада да кездеспеген көптеген мәселелер туындады. Орта мерзімді перспективалық жоспар халықтың өмір сүру сапасын жақсарту және денсаулығын нығайту мақсатында, денсаулық сақтау саласындағы басты басымдық денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға және нығайтуға бағытталатын болады. Және бұл тұстағы барлық жұмыс коронавирус инфекциясымен күрес уақытында жинақталған тәжірибеге сай колданылады, – дейді Шариза Алтынбекова.

Nur Otan партиясы қазақстандық медицинаның жоғары стандартқа сай болуын және әрбір азаматқа денсаулық сақтаудың озық әдістеріне негізделген медицина саласының қолжетімді болуын қолдайды. Осыған сәйкес Қарағанды қаласы мен облыста барлық медицина қызметінің түрі кеңейтілуде. Денсаулық сақтау саласында қызмет көрсететін ұйымдарда материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету мәселелері кезең-кезеңімен шешілетін болады.

Қалалық мәслихатқа депутаттықтан үміткерлер қала үшін онкологиялық аурулар мәселесі өзекті (100 мың адамға шаққандағы аурушаңдықтың өсуі – 6%) дейді. Дәрігерлерге Индира Ахметова қаланың әрбір азаматы үшін сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз ету үшін Nur Otan партиясы келесі шешімдерге қол жеткізетінін айтты. Яғни, онлайн-медицинаны дамыту көзделуде. 2021 жылы 200 орындық облыстық көпсалалы балалар ауруханасы, ал 2023 жылы 300 орындық облыстық көпсалалы аурухананың құрылысы басталады. 2024 жылы Восток-2, Степной-2 шағын аудандарында және Республика даңғылында 3 емхана және 2023 жылы облыстық онкологиялық диспансерде сәулелік терапия жабдықтарын орнату және компьютерлік томография кабинеті ашылады. Эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру және коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жұмыстары да жалғасын табады.

Өндірісте санитарлық нормаларды күшейту бойынша қаладағы ірі супермаркет желілерімен және ірі кәсіпорындардың басшыларымен (жұмыс уақытын қадағалау, бетперде кию, дезинфекция қондырғысын орнату, орталықтандырылған көлікпен қамтамасыз ету және т.б.) түсіндірме жұмыстарының жүргізілуі тиіс.

Кездесу соңында қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер медицина қызметкерлерін өздерінің азаматтық ұстанымдарын көрсетуге және 2021 жылы 10-қаңтарда өтетін сайлауға келіп, Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырды, сонымен қатар сайлаушыларға партияның сайлауалды бағдарламасы көрсетілген үнпарақтар мен флаерлер таратты.

– Nur Otan партиясын таңдау арқылы әрқайсымыз осы міндеттерді жүзеге асыруға үлес қоса аламыз. Лайықты болашақ үшін дауыс беріңіздер! «Нұр Отанға» дауыс беріңіздер! – дейді олар.

Материалдың жариялану ақысы Nur Otan партиясының Қарағанды облысы

Қарағанды қаласының сайлау қорының қаражатынан төленді.

Басқа материалдар

Back to top button