Ресми

Президенттік сайлау өтетін болжамды күн аталды

Қазақстанда күзде өтеді деп жоспарланған кезектен тыс президенттік сайлаудың болжамды күні айтылды. 

Президенттік сайлау өтетін болжамды күн аталды

“Сайлау қарашаның бірінші жартысында шамамен – 13 күні өтеді деп күтілуде”, – деп жазады ҚазТАГ ақпараттық порталы. 

Конституцияға сәйкес, кезекті Президент сайлауы желтоқсанның бірінші жексенбісінде өтеді және Республиканың жаңа парламентінің сайлауымен сәйкес келмейді. Ал кезектен тыс президент сайлауы мемлекет басшысының шешiмiмен тағайындалады және “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” конституциялық заңда белгiленген тәртiппен сондай-ақ сол мерзiмде өткiзiледi.

Қолданыстағы заңда “Кезектен тыс Президент сайлауы Республика Президентінің шешімімен тағайындалады және ол тағайындалған күннен бастап екі ай ішінде өткізілетіні” жазылған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында кезектен тыс сайлау күздің соңына дейін өтетінін айтқан еді.

Еске салайық, Тоқаев президенттікке екінші мерзімге өз кандидатурасын ұсыну ниетін білдірген. Бұдан бөлек парламент пен мәслихат сайлауы 2023 жылдың бірінші жартыжылдығына белгіленген.

2 қыркүйекте Мәжіліс депутаттары сайлауға дейін жеті жылдық президенттік билікті енгізуді және Астана атауын қайтаруды ұсынды.

12 қыркүйекте Тоқаев Конституциялық Кеңестен президенттік мерзімі туралы бастамаларды тексеруді сұрады, кеңес бұл бастамаларды заңды деп санайтындарын айтты.

Басқа материалдар

Back to top button