Пікірлер

Тарихпен тамырлас толғау

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын оқып шықтым. Өте тартымды тілмен жинақы жазылыпты. Тәуелсіздіктің 30 жылын 3 онжылдыққа бөліп, еліміздің жүріп өткен жолын нақты деректермен көмкеріпті.

Төрт бөлімнен тұратын мақаланы оқып отырып, Отанымызда орын алған тарихи оқиғалар көз алдымнан тізбектеліп өтіп жатты. Әсіресе, соңғы кезде еліміздің шекарасы туралы көптеген алыпқашпа әңгімелер айтылып жүр еді. Сол әңгімелердің бәріне осы мақалада толық жауап берілген екен. Риза болдым. Толқыдым.

Шындығында біз жас мемлекетпіз. Тарихымыз терең болғанымен, өмірдің көп тауқыметін тартқан елміз. Еңсеміз енді тіктеліп келеді. Рухымыздың мықтылығының арқасында түрлі күрделі сыннан аман өттік. Қазір елдің рухы біршама көтерілген. Бірлігіміз де нығайып, халқымыздың әл-ауқаты артып келеді. Осының барлығын Қасым-Жомарт Кемелұлы жеріне жеткізе айтыпты. Тұщынып оқыдым, ел көңіліндегіні жазыпты. Еліміз мәңгі, өміріміз мәнді болғай!

Ғабиден ӘБІЛҚАСОВ,

Қарағанды техникалық университетінің аға оқытушысы,

педагогика ғылымдарының магистрі.

Басқа материалдар

Back to top button