Қарағанды – белсенділер қатарында
Биыл Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікте алғаш рет «Үздік көрсетілетін қызметті беруші» байқауы өтті. Өңірлік және республикалық деңгейде өткен байқаудың негізгі мақсаты – көрсетілетін қызметті берушінің мәртебесін арттыру, жұмыстағы клиентке бағдарланудың негіздерін ынталандыру және нығайту болып табылады.
Облыстық деңгейде жеңіске жеткен мемлекеттік органдардан және облыста мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдардан үміткерлер республикалық байқауға қатысуға жіберілді.
Үміткерлер мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және мемлекеттік қызметтер үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған «Ең алдымен – адамдар» жобасын қорғауды жүзеге асырды.
Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының өкілі Александра Ерёмина, Октябрь ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің өкілі Зарина Жәнібекова және Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілі Жанат Қаһарманов өңірден іріктеліп, облыстың намысын қорғау үшін республикалық байқауға қатысты.
Республикалық кезеңнің қорытындысы бойынша Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы белсенді деп танылып, Агенттік төрағасының Алғыс хатымен марапатталды.
Байқау барысында Қарағанды облысы қызметшілері белсенділер қатарына кіргенін атап айту керек. Мұндай беделге ие болған небары 5 өңір ғана. Олардың қатарында Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, Қарағанды, Павлодар және Маңғыстау облыстары бар.
Салтанат ІЛИЯШ.