Облыс әкімі

Облыс әкімінің грантына өтінім қабылдау басталды

Қарағанды облысы әкімінің жастар кәсіпкерлігін дамытуға және қолдауға арналған гранттарын беру бойынша конкурсқа өтінімдерді қабылдау басталды. Өтінімдер 7 қараша, сағат 18.00-ге дейін қабылданады.

Конкурсқа өңірдің 18 жастан 28 жасқа дейінгі ісін жаңа бастаған және бизнесін дамытқысы келетін кәсіпкерлер шақырылады.

Конкурс жеңімпаздары 2 млн. теңгеге дейін грант алады (бизнес-идеяларының бюджетіне байланысты). Бөлінген гранттардың жалпы сомасы – 100 млн. теңге.

Конкурсқа қатысу үшін мына мекенжай бойынша орналасқан фронт-офиске өтінім беру қажет: Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 4, 135-кабинет Құжаттарды қабылдау мерзімі өткеннен кейін ұсынылған өтінімдер қабылданбайды.

Барлық қажетті ақпаратты телеграм арнасынан (https://t.me/akimgranty09) сілтемесі арқылы алуға болады.

Конкурс туралы толығырақ мына нөмірлер бойынша да білуге болады: 8-701-122-24-63 (WhatsApp, Telegram), 8-708-605-62-52 (WhatsApp, Telegram).

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button