Аймақ

Президент: “Еңбекқорлық – баршамызға ең қажет қасиет”

Қарағанды – өндірісті аймақ. Қасым-Жомарт Тоқаев өңір жұртшылығымен кездесуде өндірісте тер төгіп, елімізді дамытуға үлес қосып жүрген азаматтардың еңбегін бағалады. 

«Қарағанды – қайнаған еңбектің ортасы. Терең шахтада жұмыс істеу, жалын атқан пеш қасында тұрып болат қорыту – оңай шаруа емес. Сіздер күрделі еңбек жағдайына қарамастан, өндірісте тер төгіп, елімізді дамытуға зор үлес қосып отырсыздар.

Мен баршаңызға табанды еңбектеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Сондай-ақ, жастарды сіздерден үлгі алуға шақырамын. Еңбекқорлық – баршамызға ең қажет қасиет», – деді Президент. 

Басқа материалдар

Back to top button