Жаңалықтар

25 мың алғыс

Қарағанды облысындағы Senim109 қызметі 2019 жылғы 19 ақпанда құрылды. Орталық «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде құрылды және оның негізгі міндеті өңірдің барлық органдарының, ұйымдарының, қызметтері мен құрылымдарының ақпараттық жүйелері мен коммуникациялық арналарын интеграциялау болып табылады.

Senim109 орталығының жұмысы туралы оның директоры Рахат Сәдуақасов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтып берді. Senim109 283 мемлекеттік мекеме мен 60 коммуналдық қызметпен өзара іс-қимыл жасайды. Өтінішті қабылдап, өңдегеннен кейін ақпараттық-коммуникациялық арналар арқылы тиісті мемлекеттік органдарға немесе коммуналдық қызметтерге құзыреттілігі бойынша қарауға жіберіледі. Аталмыш қызмет жұмысын бастағалы оған 400 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Оның 80%-ға жуығын операторлар дереу шешкен.

– Біздің орталық ауқымды жұмыс атқарды, ол көптеген операцияны автоматтандыруға мүмкіндік берді. Бұл тұрғындардың өңірді дамытуда үлес қосуына ықпал етті. Әкімдік пен оның бөлімдерінің жұмыс тиімділігіне талдау жасауға көмектесті. Тұрғындардың кері байланысы аймақтың түйткілді мәселелерін анықтауға мүмкіндік берді. Senim109 қызметі жұмыс істеген уақытта халықтан 25 мыңнан астам алғыс келіп түсті, – деді Рахат Сәдуақасов.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Қарағандылық Senim109 БКО «Хрустальная Гарнитура» CCGuru Awards XVIII Халықаралық номинациялау бағдарламасында «Үздік байланыс орталығы» номинациясында екінші орын алды. Бұл марапат еуразиялық кеңістіктегі ең озық байланыс орталықтарына беріледі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button