Ресми

Елмен бірлесіп еңсердік

Мәслихат отырыстарының міндетті онлайн-көрсетілімдерін енгізу қажет. Халық қалаулыларының өзара пікірталасы, олардың қоғамдық-саяси келбеті жұртшылық үшін қол жетпес құпия болмауға тиіс. Жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдары құзыреттерінің ара жігін кезең-кезеңмен ажырату қажет. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары болып саналатын жиындар мен жиналыстардың мәртебесін арттырған жөн.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ,
ҚР Президенті.

Қарағанды облыстық мәслихаты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзінөзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, облыстық мәслихаттың Регламентіне және жыл сайынғы жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жариялаған COVID-19 коронавирустық инфекциясының пандемиясына байланысты Қазақстан Республикасында төтенше жағдай кезеңінде, сондай-ақ Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулыларына сәйкес 2020 жылғы 16 наурыздан бастап Қарағанды облыстық мәслихатының барлық отырысы «Zoom Cloud Meetings» бағдарламасының көмегімен қашықтықтан қатысу арқылы онлайн бейнеконференция режимінде өткізілді.

Есепті кезеңде Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттары 4 кезекті және 6 кезектен тыс, барлығы 10 сессия өткізді (2019 жылы – 14), оларда 113 мәселе қаралды.

Қарағанды облыстық мәслихатының құзыретіне сәйкес VI шақырылымда барлығы 602 шешім, есепті жылы – 113 шешім (2019 жылы – 119), оның ішінде әділет органдарында тіркелуге жататын 32 нормативтік-құқықтық сипаттағы шешім (2019 жылы – 25) қабылданды.

Есепті кезеңде сессия отырыстарында келесі жоспарлы мәселелер бойынша шешімдер қаралып қабылданды:

– «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Қарағанды облысында іске асыру қорытындысы туралы»,

– «Жастар жылын өткізу қорытындысы және Қарағанды облысында жастар арасындағы әлеуметтік жағдайды жақсарту және жұмыссыздықты азайту бойынша қабылданған шаралар туралы»,

– «Қарағанды облысын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасын 2019 жылы іске асыру туралы есеп»,

– «2019 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы»,

– «Қарағанды облысында Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы»,

– «Қарағанды облысы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау жөніндегі есебі туралы»,

– «Қарағанды облысында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ету туралы»,

– «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы»,

– «Қарағанды облысын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы».

Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттары сессияны дайындауға және оның жұмысына белсенді қатысты. Жоспарлы мәселелерді талқылау кезінде әр сессияда орта есеппен 5 депутатқа дейін қорытынды сөз сөйледі.

Атап айтқанда, бюджет және қаржы жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Ж.С.Таласпеков 2019 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы жергілікті атқарушы органның есебіне қорытынды берді. Депутаттық корпус облыстық бюджетті атқарудағы жекелеген кемшіліктерді де, сондай-ақ өңірдегі бюджет процесінің тиімділігін арттыру резервтерін де атап өтті. Бюджеттік бағдарламалардың орындалуына және бюджет қаражатының игерілмеу себептеріне сапалы талдау жүргізу қажеттілігіне; мемлекеттік сатып алуға тиісінше әкімшілік етуге баса назар аударылды; жыл ішінде бюджеттің біркелкі атқарылуын қамтамасыз ету; инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде «жобалық менеджментті» енгізу туралы ұсыныстар жасады.

Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы С.М.Әдекенов Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының Қарағанды облысында іске асырылу қорытындыларын қарау кезінде тіл саясатын іске асырудағы жекелеген мәселелерге: әлеуметтік зерттеулер нәтижелерінің жан-жақтылығына, халықтың қазақ тілін жаппай емес, нақты қамтуына назар аударылатын, инновациялық технологияларды пайдалануға талдау жүргізу қажеттігіне, мемлекеттік тілді оқыту әдістемесін зерделеу мен жетілдіруге жаңа тәсілдер іздестіруге, қазақ тілін оқыту бойынша жоғары білікті кадрлар даярлауға бағытталған қорытынды енгізді. Депутат Б.Қ.Алтынбеков тілдерді дамытудың перспективалық бағыттары ретінде өңірдегі тіл үдерістерінің үрдістерін зерделей алатын студенттерді тарта отырып, әлеуметтік-лингвистикалық зерттеулердің ғылыми орталықтарын құруды, сондай-ақ мемлекеттік тілді оқытудың қолданылатын әдістемелерін қайта қарау мүмкіндігін ойластыруды, оқыту орталықтарының жауапкершілігін күшейтуді және олардың қызметінің нәтижелілігін тексеруді ұсынды.

Жастар жылын өткізу қорытындыларын және Қарағанды облысында жастар арасындағы әлеуметтік жағдайды жақсарту және жұмыссыздықты азайту бойынша қабылданған шараларды қарау кезінде депутат Л.П.Мухутдинова жастар арасындағы жұмыссыздықтың негізгі себептеріне назар аударды: ЖОО және колледж түлектерін алған біліктілігіне сәйкес жұмыс орындарына бөлу жүйесінің болмауы, ЖОО-дағы және еңбек нарығындағы біліктіліктің беделі арасындағы сәйкессіздігі, жалақыға қатысты сұраныстардың сәйкес келмеуі, жастарды жұмысқа орналастыру бойынша жұмыспен қамту қызметтері іске асыратын жобалардың жеткіліксіз табыстылығы деп атап көрсетті. Облыста жастар саясатын одан әрі іске асырудың маңызды аспектілерінің бірі – жастарды әлеуметтік желілер мен БАҚ-та еңбек нарығындағы жағдай туралы кеңінен хабардар ету, ЖОО-ның тәжірибеден өту үшін орындар ұсынатын ұйымдармен ынтымақтастығы, оның соңында жұмыс орны ұсынылады, жұмыспен қамту орталықтары жұмысының тиімділігін арттыру (бос орындар жәрмеңкесі, психологиялық қолдау шаралары), ауыл, маргиналды жастарды қолдауға бағытталған шараларды әзірлеу. Сондай-ақ, әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссияның депутаттары жұмыс берушілердің жастарды қабылдауға қызығушылық таныту, жастарға және мемлекеттік органдарға жеңілдетілген несие беру, жас отбасылар туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу немесе жастарға әлеуметтік қызмет көрсету бойынша мемлекеттік ең төменгі стандарттар жүйесі арқылы квота белгілеу бөлігінде өзара іс-қимыл орнатудың жаңа тәсілі қажеттігі туралы ұсынысқа бастамашылық жасады.

Тиісті қорытындыны бюджет және қаржы жөніндегі тұрақты комиссияның депутаты К.Б.Оспанова Қарағанды облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының 2019 жылғы іске асырылуы туралы облыстық экономика басқармасының есебіне енгізді. Депутат жоспарланған іс-шаралардың орындалмауын және «Ана мен бала өлімін азайту», «Апатты және үш ауысымды мектептер санын азайту», «Бір тұрғынды тұрғын үймен қамтамасыз ету», «Ауылдық елді мекендерді орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету», «Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарына күрделі, орташа жөндеу жүргізу» нысаналы индикаторларына қол жеткізбегенін атап өтті. Сондай-ақ, депутаттық корпус бағдарламалық құжатты жоспарлау сапасына: нысаналы индикаторлардың, нәтижелер көрсеткіштерінің елеулі санына немесе олардың сандық мәнінің болмауына, мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу деңгейін сипаттайтын сапалық нысаналы көрсеткіштердің жоқтығына, статистикалық деректермен расталмайтын көрсеткіштердің кездесетініне назар аударды.

Бағдарламалық құжат толық қаржыландырмау тәуекелдерін анықтауға және азайтуға бағытталған тәуекелдерді басқару жүйесін ескере отырып қалыптастырылуы тиіс екенін ескере отырып, депутаттар жоспарланған іс-шаралардың орындалмауын уәкілетті органға қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар базасында бағдарламаны іске асырудың мониторингі жүйесін қалыптастыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Қарағанды облысында Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселелерін талқылау кезінде депутат Т.Т.Тілемісов өткен жылға қатысты мемлекеттік бағдарлама іс-шараларын іске асыруға бюджеттік қаржыландырудың үш есе өскенін атап өтті, сондай-ақ қалыптасқан үрдістердің себептеріне сыни талдауды қамтитын, уәкілетті органның есебінде ұсынылатын деректердің жоқтығына назар аударды.

Депутаттық корпус тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері сайлаушылармен кездесулерде, бұқаралық ақпарат құралдарында үнемі талқыланатынын, бұл арнайы шаралар қабылдау, мемлекеттік органдардың күш-жігерін шоғырландыру және өңірдің ресурстық мүмкіндіктерін жұмылдыру қажеттілігін көрсететінін атап өтті. Депутаттардың пікірінше, облыста бағдарламалық құжатты жүзеге асыруды жетілдірудің бағыттары тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың маңызды құралы ретінде мемлекеттік-жекешелік әріптестікті енгізу, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың осы салада реформалар жүргізуі және оларды үздіксіз қоғамдық бақылаумен дәйекті түрде жүзеге асыру болуы мүмкін.

Полиция департаментінің «Қарағанды облысында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ету туралы» есебін қарап, заңдылық және азаматтардың құқықтары жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Ж.Ф.Штергер учаскелік полиция инспекторларының отбасылық-тұрмыстық қылмыстың алдын алу және көше-жол желісінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде алдын алу жұмыстарын жүргізу бойынша қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіздігін, қоғамдық орындар патрульдеумен толық қамтылмағанын атап өтті. Депутат мас күйінде тұрмыстық және онымен байланысты қылмыстың алдын алу бойынша барлық мүдделі мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын күшейту, азаматтардың құқықтық санасын арттыру бойынша жұмыс жүргізу, құзыретті тәсіл негізінде полиция қызметінің қызметкерлерін іріктеу жүйесін жақсарту, сондай-ақ халықтың сенім деңгейін арттыру мақсатында учаскелік полиция қызметкерлерінің жұмысын бағалау жүйесін енгізу қажеттігіне баса назар аударды.

Аталған мәселені талқылау қорытындысы бойынша депутаттық корпус облыстың қалалары мен аудандарында бейнебақылау жүйесін, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін пайдалануды одан әрі кеңейту мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Облыстық мәслихаттың 2020 жылғы 21 қыркүйектегі VLII сессиясында Қарағанды облысының әкімі Ж.М.Қасымбектің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау туралы есебі тыдалды. Депутаттық корпус, өңір әкімі белгілеген мемлекеттік бағдарламалардың барлық жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізу, әлеуметтік салада басталған жобаларды аяқтау, шағын және орта бизнесті қолдау шараларын сақтау, жаңа инвестициялар тарту және жаңа цифрлық сервистерді дамыту, сондай-ақ жеке қорғаныш құралдары мен дәрі-дәрмектің тұрақты қорларын қалыптастыру, эпидемиологиялық жағдай нашарлаған жағдайда жеке жоспар әзірлеу қажеттігі қолдау тапты.

Сессия отырысында Өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Ш.А.Осин – облыс аумағында табиғатты қорғау іс-шараларын өткізудің жүйелі тәсілін әзірлеу қажеттілігі туралы, Құрылыс, көлік және коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Н.И.Иманов – тұрғын үй салу үшін жер учаскелерін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету қажеттілігі туралы, Әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі С.П.Брамонтова – медициналық-санитариялық көмектің бастапқы буынында барлық емдеу және алдын алу іс-шараларын жүргізуді кеңейту, жаңғырту мүмкіндігін қарау туралы, Өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі Е.Е.Әпейісов – ауыл шаруашылығы шикізатын жинау және сақтау пункттерін ғана емес, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу кәсіпорындарын құру қажеттілігі туралы, Әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі А.Б.Түкбаева – аудан орталықтарын ауылдармен, кенттермен және ауылдық округтермен байланыстыратын жолдарға бірінші кезекте жөндеу жүргізу мүмкіндігін қарау туралы ұсыныстар жасады.

Сессия отырыстарының қорытындысы бойынша облыстық мәслихат депутаттарының жасаған қорытындылары мен ұсыныстары уәкілетті органдарда қаралып, тиісті ұсынымдар қабылданды. Сессиялардың жекелеген мәселелері бойынша депутаттық корпустың ұсынымдарының орындалуы 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджетте көрсетілген, қалғандары бойынша олардың іске асырылуына мониторинг жалғасуда.

Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 106, 108-баптарына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың және облыстық мәслихат депутаттарының ұсыныстары бойынша сессиялар отырыстарында кезектен тыс мына мәселелер қаралды:

– «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қарағанды облыстық мәслихатының 2019 жылғы 12 желтоқсандағы ХХХIV сессиясының №475 шешіміне өзгерістер енгізу туралы»,

– «Жеке тұлғалардың Қарағанды облысының орман ресурстарын өз қажеттіліктері үшін мемлекеттік орман қоры аумағында жинау нормаларын бекіту туралы»,

– «Қарағанды облысының жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемесін бекіту туралы»,

– «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы»,

– «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына Қарағанды облысының кейбір білім беру ұйымдарына атау беру және оларды қайта атау жөнінде ұсыныстар енгізу туралы»,

– «Қарағанды облысының ауылдық елді мекендерінде кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидаларын және олардың мөлшерін бекіту туралы»,

– «Қарағанды облысы Теміртау қаласы мен Бұқар жырау ауданының шекараларын өзгерту туралы ұсынысты Қазақстан Республикасының Үкіметіне келісуге енгізу туралы»,

– «Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы»,

– «Қарағанды облысы Балқаш қаласы мен Ақтоғай ауданының шекараларын өзгерту туралы»,

– «Қарағанды облыстық мәслихатының 2018 жылғы 4 мамырдағы ХV сессиясының «Қарағанды облысы бойынша іске асыру жоспарланған жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» №308 шешіміне өзгеріс енгізу туралы»,

– «Қарағанды облысында мемориалдық тақта орнату туралы құжаттарды қарау жөніндегі облыстық комиссияның құрамын бекіту туралы», сондай-ақ «Балқаш, Қарағанды, Қаражал, Теміртау қалаларының кейбір құрамдас бөліктері мен көшелеріне атау беру, қайта атау туралы».

Әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы С.М.Әдекеновтің бастамасы бойынша денсаулық сақтау және жұмыспен қамту саласында кідіріссіз шешуді талап ететін мәселелер қаралды. Жергілікті атқарушы органдардың төтенше жағдай кезеңінде Қарағанды облысының мұқтаж халқын қосымша әлеуметтік төлемдермен қамтамасыз ету, республикада төтенше жағдай режимі кезеңінде халықты жұмыспен қамту, оның ішінде, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын, Жұмыспен қамту Жол картасын іске асыру шеңберінде қабылданып жатқан шаралар туралы есептері тыңдалды. Депутаттық корпустың ұсыныстары мен бастамалары облыстық мәслихаттың «Қарағанды облыстық мәслихатының 2019 жылғы 12 желтоқсандағы ХХХIV сессиясының» 2020- 2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» №475 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінде көрініс тапты.

Облыстық мәслихат депутаттары М.С.Абайділдинов, Г.Г.Прокоп, Ж.Ф.Штергер, Д.Т.Егізековтің белсенді қатысуымен құрылған жұмыс тобының пікірін ескере отырып, жергілікті атқарушы орган ұсынған мемлекеттік орман қоры аумағында жеке тұлғалардың орман ресурстарын өз мұқтажы үшін жинау нормаларының жобаларына, иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау және серуендету ережелеріне өзгерістер енгізілді, ауыл шаруашылығы жануарларын жаю тәртібінің жобасы уәкілетті органға пысықтауға қайтарылды.

Мемлекеттік орган басшыларының есептерін бірлесіп тыңдау мақсатында, сондай-ақ сессия отырыстарында қаралуға жататын мәселелер бойынша тұрақты комиссиялардың 8 бірлескен отырысы өткізілді.

Есепті кезеңде «VI шақырылған Қарағанды облыстық мәслихатының шешімдерінің орындалуына мониторингі туралы» сессия мәселесі бойынша Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы С.Б.Өтешев облыстық мәслихатқа енгізілетін нормативтік-құқықтық актілер жобаларына міндетті түрде сараптама жүргізу және қоғамдық талқылау, олардың әрекет ету тиімділігін бағалау, сондай-ақ нормативтік-құқықтық актілерді түзету және оларды қолдану тәжірибесі мәселелерін зерделеу қажеттігіне мемлекеттік органдардың назарын аударды.

Сондай-ақ, «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы», «Қарағанды облысын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» сессия мәселелеріне Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы С.Б.Өтешов өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жинақтау және кәдеге жарату, атмосфералық ауаның зерттелетін көрсеткіштерін ұлғайту, автокөліктің пайдаланылған газының атмосфераға шығарылуын бақылау, орман қорын молайту, ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелердің, коммуналдық табиғат қорғау кәсіпорындарының штатын және материалдық-техникалық базасын нығайту, акваөсіруді дамыту, күл үйінділерін қалпына келтіру міндеттерін шешу үшін әртүрлі табиғат қорғау іс-шараларын қосымша қаржыландыру бойынша ұсыныстарға бастамашылық жасады.

Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы С.Б.Өтешов жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты жанындағы мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңестің отырыстарына қатысты. Атап айтқанда, ағымдағы жылғы 20 қазанда мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысында Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес онлайн-петициялар институтын құруға және жергілікті өзін-өзі басқаруды одан әрі дамытуға қатысты ұсыныстар енгізілді. Кейіннен бұл бастамалар қарау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жіберілді.

Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1194 қаулысымен бекітілген Қоғамдық кеңестер туралы Үлгілік ережеге сәйкес халық алдында есеп беретін мемлекет қалыптастыру жөніндегі міндеттерді іске асыру мақсатында Қарағанды облыстық мәслихатының 2020 жылғы 10 желтоқсандағы XLIV сессиясының шешімімен Қарағанды облысының Қоғамдық кеңесінің құрамын қайта бекіту жоспарлануда, оған 39 адам – ардагерлер ұйымының, мемлекеттік құрылымдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді.

Депутаттық корпус Қоғамдық кеңеспен бірлескен ынтымақтастық саясатын жүргізеді. Қоғамдық кеңестің облыстық мәслихаттың іс-шараларына қатысуының, құқықтық қоғамдық сараптама жүргізудің, әлеуметтік маңызы бар бастамаларды әзірлеудің және қоғамдық бақылауды ұйымдастырудың оң тәжірибесі қалыптасты. Облыстық мәслихат депутаттарының Қоғамдық кеңестің отырыстарына қатысуы да жұмыс тәжірибесіне енген.

Қоғамдық кеңестің жұмысы туралы ақпарат тұрақты негізде облыстық мәслихаттың интернет-ресурсында орналастырылады (www.karoblmaslihat.gov.kz).

Қарағанды облыстық мәслихаты қызметінің маңызды ұйымдастырушылыққұқықтық нысаны тұрақты депутаттық комиссиялар болып табылады.

Сессияның қарауына енгізілетін мәселелерді алдын ала шешу, мәслихат шешімдерін іске асыруға жәрдемдесу және бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін облыстық мәслихатта 5 тұрақты комиссия құрылды:

– бюджет және қаржы жөніндегі –төраға депутат Ж.С.Таласпеков,

– құрылыс, көлік және коммуналдық шаруашылық жөніндегі – төраға депутат Н.И.Иманов,

– өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі – Ш.А.Осин,

– әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі – төраға депутат С.М.Әдекенов,

– заңдылық және азаматтардың құқықтары жөніндегі – төраға депутат Ж.Ф.Штергер.

Облыстық мәслихаттың бейінді комиссиялары күнтізбелік жылға бекітілетін негізгі іс-шаралардың жеке жоспары бойынша жұмыс істейді.

Есепті кезеңде облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларында 35 отырыс өткізіліп, 107 қаулы қабылданды.

Қаралған мәселелер, қабылданған және орындалған ұсынымдар туралы, сондай-ақ депутаттардың жұмысы туралы сайлау округтерінде бейінді комиссиялардың тиісті есептері жарияланды.

Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттарының сайлаушылармен кездесу нәтижелері бойынша қалыптасқан «Бастамалар пулын» іске асыру бойынша жұмыс жалғасуда. Депутаттық корпус облыстық бюджет қаражаты есебінен шешуді және қаржыландыруды талап ететін мәселелерге бастамашылық жасады.

Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға 2020-2022, 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджетті қалыптастыру кезінде депутаттардың бірқатар ұсыныс-бастамалары, соның ішінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді, автомобиль жолдарын дамыту, ауылдық елдімекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету, экологиялық қауіпсіздік және тағы басқа да салаларда енгізілген.

Депутаттық корпустың бақылауында өңірді дамытудың аса өзекті мәселелері бойынша 48 бастаманың іске асырылуы бар. Ағымдағы жыл ішінде олардың 20-ы іске асырылды, 11 жоба бойынша бірінші кезеңді қаржыландыру басталды, 8 бастама бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруға өтінімдер берілді, ұзақ мерзімді перспективада 9 ұсынысты шешу талап етіледі.

Есепті кезеңде әртүрлі мемлекеттік органдарға 9 депутаттық өтініш жолданды, өтініштерде қойылған барлық мәселелер бойынша шешімдер қабылданып, тиісті түсініктемелер берілді.

Сандық талдауға сүйене отырып, депутаттық өтініштердің негізгі бөлігі 6 – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне, 2 – денсаулық сақтау саласына, 1 – бюджеттік инвестициялар мәселелеріне арналғанын атап өткен жөн.

Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты жарияланған карантин барлық қызмет салаларына түзетулер енгізді. Облыстық мәслихат депутаттары халық арасында түсіндіру жұмыстарына белсене араласып, жергілікті атқарушы органдарға шектеу шараларын енгізуге және сақтауға көмектесіп, әлеуметтік жағынан осал тұрғындарға жан-жақты қолдау көрсетті.

Депутаттық корпустың 2020 жылғы ұсынған есептеріне сәйкес, облыстық мәслихат депутаттары 24 елдімекенге барып, сайлаушылармен 69 кездесу және жиналыс өткізді, 82 өтініш қаралды, 133 адам жеке мәселелер бойынша, оның ішінде онлайн-бейнеконференция режимінде қабылданды.

Ағымдағы жылы депутаттар «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауларында 15 қабылдау өткізіп, 34 азаматты қабылдады.

Облыстық мәслихат хатшысы С.Б.Өтешовтің азаматтарды жеке қабылдауы онлайн-бейнеконференция режимінде өткізілді; Қарағанды облыстық мәслихат аппаратына 29 өтініш түсті, оның ішінде 15 – жеке тұлғалардан, 3 – заңды тұлғалардан, 11 – ұсыныс (іскерлік хат-хабар). Келіп түскен өтініштерді талдау азаматтардың көпшілігі үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, елдімекендерді абаттандыру, денсаулық сақтау, жұмысқа орналасуға қатысты мәселелер өзекті болып қалатынын көрсетті. Өтініштерді қарау нәтижелері бойынша 10 өтініш қолданыстағы заңнамаға сәйкес қаралды, 8 өтініш облыстық мәслихаттың құзыретіне кірмейтіндер ретінде уәкілетті органдарға қайта жолданды. Азаматтардың өтініштерін қарау бойынша белгіленген мерзімдерді бұзу жоқ.

Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттары ай сайын, «ARQA LIVE» тікелей эфирлеріне, «ARQA LIVE» сұхбаттарына қатысады. «Уақыт.KZ», «Үлкен Аймақ», «2050» сараптамалық бағдарламаларында, сондай-ақ телевизиялық жобаларда – «Адамдардың мүддесі үшін», «Ойталқы», «Бұл сенімен біздің өмірбаян» ток-шоуларға облыстық теледидардағы телевизиялық бағдарламаларға қатысады.

2020 жылы теледидар бағдарламаларында депутаттар С.Б.Өтешов, Ж.С.Таласпеков, С.М.Әдекенов, Ш.А.Осин, Қ.Б.Оспанова, Н.И.Иманов, А.Б.Түкбаева, Б.Т.Базарбаев, М.К.Ибатов, А.Қ.Қалықов, Б.Қ.Алтынбеков, И.В.Георгиадии, Ж.Ф.Штергер, Н.Қосубаев, Е.Қ.Ахметов, Г.Г.Прокоп, Д.Д.Чернов, А.Т.Бойко проблемалар мен оларды шешудің нұсқаларын белгілеу арқылы телебағдарламаларға қатысып, өз жұмыстары туралы ақпарат беру мүмкіндігіне ие болды (15 бағдарлама). Республикалық «Егемен Қазақстан», облыстық «Орталық Қазақстан», «Индустриальная Караганда» газеттерінің беттерінде сессиялар мен тұрақты комиссиялар отырыстарының мәселелері жарияланған 30-дан астам ақпараттық материалдар жарияланды.

Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттарының көпшілігі әлеуметтік медиада ұсынылған, әлеуметтік желілердегі жеке беттерінде қызмет нәтижелері туралы есептер, сайлаушылармен кездесу қорытындыларын жариялайды.

Өкілетті органның қызметі туралы толық хабардар болуды қамтамасыз ету, депутаттық корпуспен интерактивтік қарым-қатынас мүмкіндігін іске асыру мақсатында облыстық мәслихаттың сайты жұмысын жалғастыруда, онда мәслихаттың қызметін ұйымдастыру және өкілеттіктері туралы ақпарат алу, сессиялардың отырыстарында мәслихаттар қабылдаған нормативтік-құқықтық актілермен танысу, сондай-ақ пікірлер қалдыру және ұсыныстар енгізу, қызықтыратын сұрақтар қою мүмкіндігі көзделген.

Қарағанды облыстық мәслихатының 2021 жылға арналған жұмысының негізгі қағидаттары мен бағыттары: облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырыстарын тарату көлемін ұлғайту және Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген тапсырмаларды іске асыру, депутаттық корпустың қызметі туралы халықтың хабардарлығын жақсарту жөніндегі мақсатты жұмыс, облыстық мәслихат депутаттарының қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде белсенді жариялау, депутаттардың білім деңгейін арттыру, облыстық мәслихат хатшысы С.Б.Өтешовтің қатысуы арқылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы жергілікті өкілді органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңестің отырыстарында «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзінөзі басқару туралы» ҚР Заңын одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу және аумақтарды басқару процесіне жергілікті қоғамдастық мүшелерінің қатысуын жандандыру, жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу, сондай-ақ қалалық және аудандық мәслихаттар жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында 2019 жылы енгізілген қалалық және аудандық мәслихат хатшыларының облыстық мәслихат сессияларына қатысу тәжірибесі жалғасатын болады.

Басқа материалдар

Back to top button