Шахтинск

Бүгін Шахтинск қаласында қамыс пен құрғақ шөп жанып, алапат өрт болды

Бүгін таңғы 11-лер шамасында Шахтинск қаласында қамыс пен құрғақ шөп жанып, алапат өрт орын алды. Өрт Шахтинск қаласының ЖЭС-ке жақын маңайында қамыс төгілген мазутты шұңқырларда (шамамен 600-700 шаршы метр) жалпы ауданы 4 га аумақты қамтыды. Бұл туралы Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

“Жақын орналасқан қосалқы станция мен ЖЭО аумағына қауіп төнді. Жоғары температурадан электр желілерінің металл тірегі зақымдалған. Нәтижесінде электр қуаты ажыратылды. Өрт 13:55-те ауыздықталды.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ”, – делінген хабарламада.

Өрттің алдын ала себебі анықталуда.

Өртті өшіруде Қарағанды облысы ТЖД жеке құрамынан 48 адам және 16 техника жұмыс істеуде.

“Орталық Қазақстан” газетінің Инстаграм парақшасынан да оқыңыз:

https://www.instagram.com/p/Ch61c4_gusG/

Басқа материалдар

Back to top button