Жаңалықтар
«Дипломмен – ауылға» бағдарламасының аясы кеңейеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Үкіметке «Дипломмен – ауылға» бағдарламасын қаржыландыруды 20 млрд теңгеге жеткізуді тапсырды.
«Негізгі мәселе – ауылдық жерлердегі білікті педагог кадрлардың тапшылығы. Сондықтан «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыруымыз қажет. Үкіметке келесі жылдан бастап осы бағдарламаны қаржыландыруды 20 млрд теңгеге жеткізуді тапсырамын», деді Қасым-Жомарт Тоқаев