Covid-19Коронавирус

Pfizer-мен вакцинация басталды

Енді облыстың 60 жастан асқан тұрғындары мен медициналық қызметкерлері Pfizer вакцинасымен ревакцинация жасата алады. Бұған дейін аталған вакцина жеткіншектерді, аяғы ауыр және бала емізетін әйелдерді вакциналауға ғана рұқсат етілген-тін.

Аға буын мұндай жаңалықты жақсы қабылдапты. Соңғы екі күнде 60-тан астам адамның ревакцинация жасатқанын алғашқы медико-санитарлық көмек қалалық орталығының директоры Татьяна Баширова айтты.

– Облыста қараша айынан бастап ревакцинация жасалып жатыр. Ол қазақстандық QazVac вакцинасымен жасалды. Ал, енді ревакцинация облыстық мемлекеттік бас санитариялық дәрігердің қаулысына сәйкес Comirnaty вакцинасымен де жаса латын болды. Негізі Pfizer-мен 12-17 жас аралығындағы балалар, жүктіліктің 16-37 аптасындағы әйелдер мен бала емізетін аналар вакцинацияланады. 20 қаңтардан кейін «Спутник лайт» вакцинасы келуі керек. Ол ревакцинациядан өтемін деген барлық адамға қолжетімді болмақ, – деді Т.Баширова.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, бүгінгі күні вакцинациялау үшін «Спутник V», QazVac, Vero Cell (Sinopharm), Pfizer вакциналары жеткілікті көлемде бар. Ал, ревакцинация үшін QazVac, Vero Cell (Sinopharm), Pfizer (60 жастан асқан адамдарға қолданылуда.

Толық вакцинация мен ревакцинация – коронавирус пен оның барлық штамдарынан қорғанудың негізгі жолы. Әлемнің 89 елінің деректері негізінде жасалған КВИ бойынша жоғары деңгейдегі еуропалық сарапшылар тобының деректеріне сәйкес, «омикрон» нұсқасы «дельтаға» қарағанда 3-4 есе көп трансмиссивті. Яғни, «омикронның» екі есе көбеюі үшін 2-3 жеткілікті. Бірақ, қазіргі уақытта «омикронның» «дельтаға» қарағанда қауіпсіз екендігі ресми түрде дәлелденбеген. Сарапшылардың пікірінше, әлеуметтік байланыстарды шектеу және үй-жайлар көпшілік болып жиналмау, таралу қаупін азайтады. Себебі, індеттің таралуы көбіне тығыз байланыста болатын жерлерде, желдетуі нашар бөлмелерде жылдам болды.

Әлемдік сарапшылардың пікірінше, «омикрон» штамын жұқтыру қаупін төмендету үшін үш дозалы вакцинация режимін вакцинацияның толық схемасы ретінде қарастырылуы керек. Әлеуметтік байланыстар мен жұмыс орнындағы өзара әрекеттесуді азайту – індеттің таралуын азайтудың ең тиімді әдісі. Адамдар отырған бөлменің ауасын тазарту, қоғамдық орындар мен көшеде бетперде режимін міндетті және қатаң түрде сақтау, бұқаралық шараларды шектеу инфекцияның таралу қаупін едәуір төмендетеді.

Кешегі күнгі дерек бойынша, ел өңірлерінің басым бөлігі «қызыл» аймаққа енген. «Сары» аймақта Түркістан облысы ғана тұр. 16 қаңтарда ауру жұқтырған 11 524 жағдай тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 061 432 жетті. Одан емделіп жатқандар да айтарлықтай артты. 17 қаңтардағы мәлімет бойынша 77 474 адам емделуде. Оның ішінде – 6 986 адам стационарда, 70 488 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Олардың арасында жағдайы ауыр және өте ауыр, сондай-ақ, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылғандар да бар.

Жансая ОМАРБЕК.

Басқа материалдар

Back to top button