Жаңалықтар

САЗГЕР

САЗГЕР

(Амантай Жұмашевқа)

Толқыған кезде мұхиттай осы бір есім,

Әуеннің алтын балығын кешіп ілесің.

Кеудесі дір етпе қылық,

Дүр етпе ғұрып,

Жүретін үлекке мініп көші – күнесің.

Күмбірі домбырасының күміс бұлақтай,

Сыбдыры сыр сандығының ырыс құрақтай.

Көмейі бұлбұл ұясы,

Дүлділ ұясы

Ырғақтың ырғын ұясы,

бір ұшқыр аттай.

Әуездің еліктіргенде үлбір шам кезі,

Әуелеп қайыру бермес қырдың шандозы.

Секілді Тұрғаным да өзі,

Дәртайым да өзі,

Секілді Шамғоным да өзі,

Нұрғисам да өзі.

Жұпарын жақұттай сазы жусаннан алған,

Бүрінде Бейбарыс болып бусанған арман.

Таңдайы сандуғаш әуен,

Сан дуға «аш» әуен,

Халқымен тағдырлас әуен,

мың сан таранған.

Бағының не мәуелісін, не жүзімдісін

Баптаған негізінде емес, лебізінде ісім.

Арқасын «жын» қысқан кезде,

Шын қысқан кезде,

Нотаның ноқталайтындай сегізіншісін.

Жусатқан жүз жосынды ақыл-басына,

Сынасаң сезім серісін батырша сына.

Қай мұхит, қай ұрлығына табан тіресін,

Қонады бірге алып шыққан

Шатыршасына.

Азамат алпысқа кепті алашқа керек,

Жүзге жорт, одан беріге таласпа, – дер ек.

«Тоқырауын толқыныменен»,

Ерке ұлыменен

Ақтоғай аспандай бермек ән-астана боп.

Абзал БӨКЕН,

Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты.

Алматы қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button