Руханият

Таңбалы тас табылды

Ақтоғай өңірі сонау тас, қола дәуірлерінің көне ескерткіштері саналатын балбал тастар мен таңбалы тастарға өте бай. Төңіректегі тау мен тасты таптап, тас мүсіндер мен петроглифтерді бір ізге түсіріп, түгендеп кеткен жалғыз адам бар болса, ол – Аманқұл МҰСАТАЕВ. Бір кездері қазақ археологиясының атасы Әлкей МАРҒҰЛАН қола дәуірінің баға жетпес құндылығы – Беғазы-Дәндібай кешенін ашқанда Аман аға жанында жүргені белгілі. Міне, Ақтоғай ауданына қарасты Айыртас ауылының маңынан Аужекеңнің қырағы көзінен тыс қалған таңбалы тас табылды.

Таңбалы тас табылды

Таңбалы тасты Айыртас ауылының азаматы Мұрат Ақатаев тапты.

– Тас Айыртасқа барар жолдағы «Сләм» ШҚ деген жол белгісінен оңға бұрылғаннан 3-4 шақырым қашықтықтағы Қарабас қыстағының аумағынан кездейсоқ табылды. Әлбетте, басында көп тастың бірі екен деп қалдым. Анықтап зер салып қарағанымда, тастың бетіндегі суреттерді аңғардым. Және таңбалы тасты маған дейін бұрын-соңды ешкім көріп, байқамаған болуы керек. Ауылда көрген, білген адам болса, айтар еді. Демек, бұл таңбалы тасты табу – тағдырдың маған тарту еткен үлкен сыйы деп айтсам да болады, – деп бізбен өзінің сүйінші жаңалығын бөлісті Мұрат бауырымыз.

Айыртастан табылған таңбалы тас тарихшы мамандардың қызығушылығын оятса, біз жөн сілтеп, жол көрсете аламыз.

Мүсіркеп СЕЙДАХМЕТ.

АҚТОҒАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button