Теміртауда жаңа емхана ашылды
Теміртауда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы бойынша №3 орталық емхана ашылды. Қазір оған Достық таушығы шағын ауданының 20 мыңнан астам тұрғыны тіркелген.
Теміртауға жұмыс сапары барысында Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек жаңа медициналық мекемеге барды.
Жөндеуден өткен екі қабатты ғимаратта ауруларды ерте диагностикалау және пациенттерді ыңғайлы емдеу үшін барлық жағдай жасалған. Қабылдауды жалпы практика дәрігерлері де, бейінді мамандар да жүргізеді: невропатолог, хирург, акушер-гинеколог, ревматолог, кардиолог, гастроэнтеролог және т. б.
Стационарды алмастыратын көмек ұйымдастырылды – ол үшін алты төсек, сондай-ақ оңалту емі бар.
Емхана жоғары технологиялық жабдықтармен, оның ішінде заманауи стоматологиялық қондырғымен, ультрадыбыстық диагностика, рентгенография және флюорография аппараттарымен, физиопроцедураларды өткізуге арналған құралдармен жабдықталған.
Сондай-ақ, Жеңіс Қасымбек №3 жылу магистралінде жөндеу жұмыстары қалай жалғасып жатқанын тексерді. Бүгінде алты құбырдың 3,3 шақырымы төселген.
Жылыту маусымы басталғанға дейін барлығы 5 км желі төселеді. Қалған бөлігі келесі жылға ауыстырылады. Сондай-ақ, аумақтар мен Металлургтер даңғылын абаттандыру қолға алынбақ.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.