Оқушыларға қазақ тілінен емтихан тапсыру міндеттеледі

Келесі оқу жылынан бастап 5-8 және 10-сынып оқушылары қазақ тілінен емтихан тапсырады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Ortalyq.kz сайты Egemen.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл емтиханды тек 9 және 11-сынып оқушылары ғана тапсыратын. Олар да осы пәннен емтихан тапсыруды жалғастырады», — делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Мұндай ұсыныс қазақ тілі мұғалімдерінің съезінде және Оқу-ағарту министрінің қатысуымен өткен мұғалімдер қауымдастығы өкілдерінің кездесуінде айтылған еді.

Қазақ тілінен емтихан жазбаша және ауызша түрде өтеді. Тыңдау, айту, оқу және жазу сияқты дағдылар бағаланады. Емтихан тапсырмаларын оқытушылар академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып өздері құрастырады.

Пән бойынша қорытынды баға 5-8, 10-сыныптарда емтихан және жылдық бағалау қорытындылары бойынша қойылады.