Аймақ

Бір айда инфляция 1,2 пайызды құрады

Тамызда облыста инфляция деңгейі жылдық есептеумен 16,6%-ды, бір айда – 1,2%-ды құрады. Бір жыл ішінде азық-түлік тауарлары 20%-ға қымбаттады. Азық-түлік емес тауарлардың бағасы 17,5%-ға, ақылы қызметтердің бағасы 10,7%-ға өсті. Бұл туралы облыстың статистика департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

Статистика департаментінің дерегінше, өткен жылғы тамызбен салыстырғанда азық-түлік тауарлары тобында ең жоғары баға қантта байқалған. Ол 106,9%-ға қымбаттады. Сонымен қатар, ұн – 35,3%-ға, макарон өнімдеріне – 31%-ға, бөлке және ұннан жасалған кондитерлік өнімдерге – 26,4%-ға өскен. Бұған қоса баға сүт өнімдерінде – 24,4%-ға, минералды және ауыз суға – 23,9%-ға, жармаларға және жемістер – 23,8%-ға, нан – 23,7%-ға, балық және теңіз өнімдері – 22,8%-ға, кондитерлік өнімдер – 20%-ға, алкогольді ішімдіктер – 16,9%-ға, құс етіне – 15%-ға, шұжық – 14,4%-ға, жылқы еті – 13,6%-ға, қой еті – 11,8%-ға, шошқа еті – 8,8%-ға көтерілген.

«Азық-түлік емес тауарлардан бір жыл ішінде жуу және тазалау құралдарына баға деңгейі 39,6%-ға, зергерлік бұйымдар мен сағаттарға – 30,3%-ға, жеке қолданатын тауарлар – 32%-ға, құрылыс материалдарына – 29,4%-ға, жол тауарларына – 27,1%-ға, тұрмыстық құралдар – 22,5%-ға, автомобильдерге – 14,6%-ға, жеке пайдаланудағы электр аспаптарына – 10,8%-ға өсті», – деп мәлімдейді статистика департаменті.

Бағаның өсуі ақылы қызметтерде де бар. Атап айтқанда, баға өсімі кешенді демалысты ұйымдастыруға – 27,2 %, аяқ киімді жөндеуге – 25,4%, медициналық қызметтерге – 24,8% шаштараздар мен сұлулық салондарының қызметтеріне – 24,2%, салт-жора қызметтеріне – 22,2%, білім беру қызметтеріне – 14,1%-ға, пошталық қызметтерге – 11,6% көлемінде тіркелген.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button