Президент сайлауы - 2022Ресми

Жұматай Әлиев Президенттікке кандидат ретінде ұсынылды

Жұматай Әлиевтің кандидатурасы туралы құжаттары Орталық сайлау комиссиясына тапсырылды.

2022 жылғы 10 қазанда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 54 және 55-баптарына, сондай-ақ “Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған кезектен тыс сайлауы бойынша сайлау құжаттарының нысандарын белгілеу туралы” Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 67/545 қаулысына сәйкес Жұматай Әлиевтің “Халық демографиясы” қоғамдық бірлестігінен Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болып ұсынылғаны туралы құжаттары ұсынылды.

Басқа материалдар

Back to top button