Аймақ

Қарағанды облысында 30 мыңға жуық бала тегін спорт секцияларымен қамтылады

30 мыңға жуық бала Қарағанды облысының 35 БЖСМ жанындағы тегін спорт секцияларында айналысатын болады. Өскелең ұрпақтың белсенді, салауатты өмір салтына деген қызығушылығы жыл сайын артып келеді.

Дене шынықтыру және спорт басқармасында облыстың қалалары мен аудандарының барлық ведомстволық бағынысты спорт мектептері басшыларының қатысуымен өткен жиында дене шынықтыру және спорт саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.

Бүгінгі таңда өңірде балаларды спортқа тарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Ботақара кенттерінде, Ғ. Мұстафин атындағы, Топар, Егіндібұлақ кенттерінде және Приозерск қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы басталды, сондай-ақ Балқашта спорт кешені, Нұра ауданының Шахтерский ауылында жабық хоккей корты салынуда. Ақтоғай кентінде стадионды қайта жаңарту басталды, Осакаров ауданы Молодежный кентінде БЖСМ күрделі жөндеу жүргізілуде және Теміртау қаласының БЖСМ, Қарағандыдағы үстел теннисі және гимнастика бойынша мектептерде ағымдағы жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Биыл өңірде жаңа спорт алаңдары мен көпфункционалды хоккей корттары орнатылады – барлығы 21 нысан. 

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша

Басқа материалдар

Back to top button