Аймақ

Қарағанды облысында су құбыры желілерінде жөндеу жұмыстары жалғасуда

Биыл «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасы аясында 234 шақырымнан астам су құбыры мен кәріз желісін жөндеу, қайта жаңғырту жоспарланған. Бұған қаражатты Ұлттық қор мен республикалық және облыстық бюджет бөліп отыр. Жоспардағы жұмыс толық аяқталғанда облыста халықтың сумен қамтылуы 95,5 пайызды құрайтын болады.

Қарағанды облысында су құбыры желілерінде жөндеу жұмыстары жалғасуда
Сурет интернеттен алынды

Қарағанды облысындағы су құбырына қатысты энергетика және ТКШ басқармасының мәлімдеуінше, облыстың 8 қаласында орталықтандырылған суға қол жетімділік 92,2 пайызды көрсетеді.  Қалалардағы су жүйесін дамытуға биыл 7,5 млрд. теңге бөлінген. Бұл қаражатқа 104, 5 шақырым су құбырын және кәріз желісін тарту көзделген.

Ал, ауылдық елді мекендерде орталықтандырылған су жүйесі бар 349 елді мекен есепте. Оның пайыздық үлесі 91,4 пайыз шамасында.

2023-2025 жылдары ауыз сумен қамтуға қатысты 19 жоба Индустрия және инфрақұрылым министрлігіне ұсынылған. Жобалардың жалпы құны – 6,3 млрд.теңге.

Жансая СӘРСЕНБАЙҰЛЫ. 

Басқа материалдар

Back to top button