Спорт

Сегіз жолдама бар

Қарағандылық спортшылар Токио Олимпиадасын тағатсыздана күтуде. Сәйкесінше, әзірлікті де тыңғылықты жүргізуде. Бүгінде біздің облыс спортшыларында сегіз жолдама бар.

Өздеріңіз білесіздер, пандемияға байланысты Олимпиада шегерілген еді. Келесі жылы өтуі тиіс. Ол уақытқа дейін жолдама саны көбейе түсеріне сенім мол. Әзірге, боксшы – Абылайхан Жүсіпов, балуан қыз – Эльмира Сыздықова, синхронды жүзушілер – Екатерина мен Александра Немичтер Олимпиадаға баратыны белгілі. Сондай-ақ, Паралимпиадаға суда жүзушілер – Наталья Звягинцева, Андрей Афанасьев, Әлия Рахымбекова, мерген – Айдос Жылқышынов және жеңіл атлет Дастан Мұқашбеков қатысады.

Мықты спортшыларға облыс басшылығы қолдау көрсетуде. Мәселен, жақында стипендия сомасы ұлғайтылды. Және бұл стипендияны алатындар қатары 104-тен 165-ке жетті.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button