Қарағанды

Майқұдықта жаңа мурал салынды

Қарағандыны көзтартар муралдармен және көше өнерімен безендіру жалғасуда. Бұл жолы Әлихан Бөкейхан ауданы орталығы Майқұдықтағы 9 қабатты үйдің қабырғасында керемет сурет пайда болды. Онда сәукеледегі қыз алысқа көз тастап тұр. Жергілікті тұрғындар үшін бұл күтпеген сыйлық болды. Өйткені, бұл – аудандағы алғашқы мурал.

Тұрғындар үйлердің қабырғасындағы суреттердің «Урбанистика орталығы» жобасының арқасында пайда болатынын біледі. Жас шығармашылық топ қалада 10-нан астам мурал салған. Майқұдықтағы 19-шы шағын ауданындағы №49 үйдің қабырғасын безендіруге суретші Жұлдыз Жолбарыстың бейнесі – «Сәукелелі қыз» картинасы таңдалыпты. Бұл аудан атауының Әлихандай тарихи тұлғаның есімімен аталуына байланысты. «Сәукелелі қыз» муралы сізді тарихқа жетелей түседі.

– Біз республикамыздың жаңа дәуірінің табалдырығында тұрмыз. Бізді халық ретінде біріктіретін – Ұлы рух. Алда келе жатқан Республика күні мәдениеттер сабақтастығында тәрбиеленген халықтардың бірлігін бейнелеуі тиіс. Бұл мурал тарих пен қалаға деген сүйіспеншілікті, біз тұратын жерге деген патриотизмді бейнелейді. «Шахтерлер» муралы сияқты «Сәукелелі қыз» да тұрғындардың сауалына осылай жауап береді. Мереке қарсаңында «Сәукелелі қыз» муралын аяқтадық. Күрделі және керемет жылулық пен сұлулық, қатал және суық көпқабатты үйде бейнеленген. Бұл Майқұдықтың жанына ұқсас. Салқын, қатал және жауынгерлік сипат, керемет жылы және жанашыр жан. Майқұдықтың әрбір тұрғыны үшін бұл мурал ерекше туынды болатынына сенімдіміз. Бұл өмірдің бір бөлігі болады, – деді жоба авторы.

Керемет сурет үйдің қабырғасында қысқа уақыт ішінде пайда болды. Жергілікті тұрғындар жұмыстың таңертеңнен кешке дейін жүргізілгеніне куә. Күздің қатал ауа райы да суретшілерге кедергі болмады. Жобаны Airg тобы жүзеге асырды. Олар бұрын «Жұлдыздарды бағындыратын кеншілер», «Арманға апаратын жол» муралдарын салған.

– Біздің бастамамызды облыс әкімдігі қолдады. Сондай-ақ, біз қала әкімдігіне және Ә.Бөкейхан ауданының әкімдігіне, Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне көмек көрсеткені үшін, сол жобаны іске асырғаны үшін Airg командасына, идея үшін Жұлдыз Жолбарысқа алғыс білдіреміз, – дейді бастамашыл топ өкілдері.

Жәлел ШАЛҚАР.

Басқа материалдар

Back to top button