Саран

Ақтаста жаңа балабақша ашылды

Қарағанды облысының Ақтас кентінде мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін 150 орындық мектепке дейінгі білім беру мекемесі ашылды, деп хабарлайды Ortalyq.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын алты топ бар.

Балабақша заманауи жабдықтармен жабдықталған. Медициналық блок және балалардың қауіпсіздігі үшін бейнебақылау жүйесі мен дабыл түймесі орнатылған.

Жекеменшік мектепке дейінгі мекеме 45 адамды жұмыспен қамтамасыз етеді.

Қазірдің өзінде 20 педагог пен медицина қызметкері қабылданды.

Басқа материалдар

Back to top button