Жаңалықтар

Қош бол, бауырым!

Өткінші дүние тағы бір өкіндірді. Кеше ғана «Енді мен де 70-ке осы үт айында келемін», – деп жүрген Сәбит ақын дүниеден озыпты. «Апат» романым туралы «Кентаврдың кем тобырға айналуы» деген ғажайып талдау жасаған Сәбит Бексейітұлы ақын ғана емес, өмірдің әр қырын да, сырын да талдай білетін публицист екеніне де көз жеткізген.

Сурет автордан

Жайраңдап күліп жүруші еді. Әлпетінен бір жылы күлкі, әлдебір терең мысқыл кетпейтін. Әлдебір жарамсыз уақиға туралы табанасты бір шумақ өлеңін тастап жіберетін.

 Адамның қуана білуі де жақсы қасиет қой. Әсіресе, қатар жүрген азаматтың бір жетістігіне жайраңдап, ақ көңілін жазып салу да Сәбиттің ерекше бір жақсы қасиеті еді.

Өткен жолы ғана маған замандастарының ой-арманына толы деректі хикаят, эсселер мен мақалаларын топтастырған «Ел мен Ер» деген тамаша кітабын сыйлаған еді.

Өмір бар жерде – Ажал бар. Пендешілікпен «сәл арамызда бола тұрмады-ау» дейміз…

 Топырағың торқа болсын, Сәбит бауырым!

Кәмел ЖҮНІСТЕГІ,

жазушы.

Басқа материалдар

Back to top button