Ресми

Роман Скляр Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жаңа басшысы болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жаңа басшысы тағайындалды. Бұл қызметке Роман Скляр келді, деп хабарлайдыOrtalyq.kz Zakon.kz- ке сілтеме жасап.

Сурет Ақорда

Тиісті жарлыққа бүгін, 2026 жылғы 5 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

«Скляр Роман Васильевич Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалсын, бұрын атқарған лауазымынан босатылсын», – делінген Ақорда сайтында жарияланған құжатта.

Бұған дейін Президенттің басқа жарлығымен Айбек Дәдебай 2024 жылғы 6 ақпаннан бері атқарып келген Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылды.

Роман Скляр 1971 жылғы 8 мамырда Павлодар қаласында дүниеге келген. Павлодар мемлекеттік университетін («Инженер-құрылысшы» мамандығы), Мәскеу заманауи бизнес институтын («Экономист» мамандығы), сондай-ақ Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын («Заңгер» мамандығы) тәмамдаған.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button