Аймақ
Республиканың басым бөлігінде күн суытады
Республиканың батысында, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауады, шығыстың таулы аудандарында, оңтүстік-шығыста түнде жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін.

14-15 қыркүйекте шығыста қатты жаңбыр жауады. Аймақтарда жел күшейеді. Түнгі уақытта солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, 15 қыркүйекте шығыста, Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда 3 градусқа дейін үсік күтіледі.